20 оқушы жараланды: Пекинде белгісіз ер адам бастауыш мектепке шабуыл жасады

0
0

Пекинде белгісіз ер адам бастауыш мектеп оқушыларына шабуылдады деп хабарлайды  РИА Новости Сичэн қаласының баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Фото: Фокус

Оқиға сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:17-де болған. Жараланған 20 бала ауруханаға жеткізілді. 3-еуінің жағдайы ауыр.

Полиция күдіктіні сол сәтте қолға түсірді.

Ер адамның қолында қандай қару болғаны және не үшін бұндай қадамға барғаны анықталып жатыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ