20 жастағы қазақстандық әлем чемпионы қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)

0
0

Жастар арасындағы әлем чемпионы Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл туралы Sputnik Қазақстан Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Sports.kz

Бокс кеші Шавиниган (Канада) штатының Centre Gervais Auto ойын-сауық кешенінде өткен. Онда 20 жастағы қазақстандықтың қарсыласы тәжірибелі мексикалық боксшы Густаво Гарибай болды.

Бірінші орта салмақта алты раундқа есептелген жекпе-жекте Ахмедов техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бесінші раундта Ахмедов сол қолымен жойқын апперкот соққысын жасап, мексикалықты сұлатып салды.

Садриддин кәсіпқой бокста үш жекпе-жек өткізіп, барлығын нокаутпен ұтқан, ал Гарибай мансабында он бірінші рет жеңіліс тапты.

Садриддин Ахмедовтың үшінші жекпе-жегіндегі шешуші сәттің видеосын назарларыңызға ұсынамыз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ