2019 жылдан бастап талапкерлер медициналық университеттерге емтихан тапсыру арқылы қабылданады

0
1

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2019 жылдан бастап медициналық ЖОО-ға оқуға түсетін талапкерлер емтихан тапсыратынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.


Фото: ашық дереккөзден
«Денсаулық сақтау саласында кадрлар тапшылығы төмендесе де, бірқатар өңірде мамандар тапшылығы республикалық деңгейден жоғары болып отыр. Мұның басты себебі өңірлерде мамандарға әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіз шаралары», — деді Біртанов «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының 2018 жылдың І жарты жылдығындағы іске асырылуын қорытындылау баяндамасында.

Ол 2017 жылы жергілікті атқарушы органдар жас мамандардың 44%-ына ғана әлеуметтік қолдау көрсеткенін айтты.

«Алдыңғы қатарлы шетелдік оқу орындарымен стратегиялық әріптестік жалғасуда. 2019 жылдан бастап медицина ЖОО-да іріктеу үшін қосымша емтихан алу заңмен енгізіледі. Келесі жылдан бастап мемлекеттік грантпен оқыған барлық кадр үш жыл медициналық ұйымдарда жұмыс істейтін болады», — деді Денсаулық сақтау министрі.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ