2019 жылы елімізде құжат жасату құны қалай өзгерді?

0
4

Tengrinews.kz  қазақстандықтардың 2019 жылы құжат жасатуға қанша ақша жұмсайтынын анықтады.

Фото: Depositphotos

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мәліметінше, 2019 жылы АЕК өзгергеніне байланысты құжат жасату құны да біршама өзгерген:

жеке куәлік — 505 теңге;

паспорт — 20 200 теңге;

Айта кетейік, Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында паспортты бір жұмыс күні ішінде 5135 теңгеге жасатуға тапсырыс беруге болады, ал үш жұмыс күні ішінде жасатуға 2905 теңге төлейсіз.

— жүргізуші куәлігі — 3150 теңге;

— көлік құралын тіркеу туралы куәлік — 3157 теңге;

— туу туралы куәлікті қайта жасату — 2525 теңге;

— неке қию туралы куәлікті қайта жасату — 2525 теңге

Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері ХҚКО-лар мен Арнайы ХҚКО-ларда құжат рәсімдеуге банк комиссиялары да барын ескертеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ