22 ақпан күніне арналған ауа райы болжамы

0
1

22 ақпан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр және қар түрінде) жауады. Батыста жауын-шашынсыз күн райы болжанады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: sputniknews.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан жоғары болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, түнде – найзағай болжанады, желдің күші 15-20, түнде және таңертең 23-28 м/с күшейеді.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, түнде Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с артады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с екпінде жел болжанады.

Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ