23 наурыз күніне арналған ауа райы болжамы

0
0

UZYN.KZ  «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап,  23 наурыз күніне арналан ауа райы болжамын ұсынады.

Фото: ortcom.kz

Қазақстан территориясының басым бөлігі антициклон ықпалында болатындықтан оңтүстікте және оңтүстік-батыста жауын-шашын жоқ, күн ашық болады. Елдің қалған бөлігінде фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр және қар жауады, солтүстік өңірлерде қар жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Солтүстікте жаяу бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді.

Қызылорда облысында желдің екпіні 30 м/с асады. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл, түнде кей жерлерде жел 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз 15-20 кей жерлерде екпіні 30 м/с және одан аса күшейеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі, жел екпіні кей жерлерде 15-20, 23-28 м/с болады.

Түркістан облысында кей жерлерде жел 15-20, таулы және солтүстік аудандарда екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, жел қарқыны — 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жел күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

 



ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ