25 сәуір күнгі ауа райы болжамы

0
3

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 25 сәуір күні Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі. Республиканың батысында ғана ашық күн райы болжанады. Жекелеген аймақтарда тұман мен екпінді жел сақталады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: a-tv.md

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде желдің екпіні 25 м/с күшейетіні күтіледі, жекелеген аумақтарда бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында тұман болжанады. Павлодар облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 25 м/с артуы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, бұрша күтіледі. Желдің күші 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман болжанады.



ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ