30 наурыз күніне арналған ауа райы болжамы

0
1

30 наурыз күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: arnapress.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, 15-20 м/с желдің екпіні 23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Қарағанды облысының күндіз кей жерлерінде жел 18 м/с артады.

Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде 16 м/с екпінде жел тұрады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ