31-мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

0
4

31 мамырды «Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, 1997 жылы Елбасымыз жарлыққа қол қойған.

Фото: atr.kz

Біз бұл күнді қаралы дата деп атап өтіп, оңай айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатыр.

Бұдан бөлек 100 мыңдаған адам қамалып, айдауға түсіп, Сібірге жер аударылды. Кеңес Одағының солақай саясаты бойынша, отарланған ұлттың бас көтере алмай, құлақкесті құл болуы үшін, көзі ашық, саналы азаматтарының барлығы да қуғынға түскен.

Бүгінде репрессия құрбандарының басым көпшілігі ақталғанымен, жан жарасы жазыла қойған жоқ және жазылмақ та емес.

Саяси қуғын-сүргін құрбандары ішінде Алаштың арыстары атанған Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы, Ілияс Жансүгіров  сынды бабаларымыз бар. «Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей алуан түрлі,қош иісі күншілік жерден аңқып тұрады» — деп Ілияс Жансүгіров атамыз жырына бекер қоспаған болар.Осы бір  оқиғаның барысында Ілияс Жансүгіров атамыз Бұғымүйіз, Бесмойнақ тауынан ұсталып кетті деген ел аузында деректер де бар.

Ақын сол кезде « Анкара» атты поэмасын бастап жазып, ұсталып кетуіне байланысты аяқсыз қалған. Елге келген Ілиясқа құрмет көрсетті, қонақ етіп күтті деген жаламен сол кездегі ауылды басқарған азаматтар да сотталғаны туралы деректер айтылады.

Жамбыл ауданы, Самсы, Үлгілі ауыл советі қызметін атқарған Исаев Олжабай атамызды Ораз Жандосовпен дос болғаны үшін сыбайлассындар деп 37 жасында халық жауы деген атпен 1937 жылы ату жазасына кесілді. Жалған жазаның кесірі оның жақындарына да зардап шектірді. Әрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы керек.

Тарихқа үңіліп қарайтын болсақ, ашаршылық қазақ даласында 1929 жылы бірінші рет болып, кейін 1932 жылы қайталанған. Бірінші ашаршылықта бірнеше миллион халық қырылған болса, екіншісінде одан да көп халық аштықтан көз жұмды. Ал қырылғаннан қалғандары жан сақтау мақсатында басқа елдерге босып, тозып кетті. Бұның барлығы қазақ даласына жасалған қиянат болатын.

Мысалы, сол кезде Қазақстанда басшы болған Голощекиннің «Кіші октябрь» саясатының өзі халықты осыған итермеледі.  Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады. 25 мыңнан астам адам ату жазасына кесілді. Олардың арасында ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері, дәрігерлер болды.

Қуғын –сүргін жылдары белгіленген бағдарламаларды орындауға тұрғындардың және тіпті халықтың тұтас тобының қарапайым адами құқықтарын таптау арқылы қол жеткізді.

Ұжымдастыру процесінде бірнеше жылда ірі қара және орта шаруа қожалықтары толық жойылды.Ұжымдастыруға наразы және қарсы әрекет қылғандар барлығы толық жойылды.Ұжымдастыруға наразы және қарсы әрекет қылғандар барлығы мемлекеттік қылмыскерлер ретінде жазаланды.Бұл қазақ халқын ұлт ретінде жойып жіберуге ,қасақана ұйымдастырылған жасанды зауал еді.  

Қорытындылай келе, қалай дегенмен де, қазақ тарихындағы бұл қасіретке бей-жай қарау, санамыздан өшіру елдігімізге сын емес пе?! Ащы тарихымызды білмеу — тәуелсіздік қадірін түсінбеумен пара-пар. Ендеше, ұрпақ санасына өткен дәуір тарихын жаңғырту, халық зиялыларын жадымыздан бір сәт те шығармау баршамыздың ұлт алдындағы азаматтық парызымыз деп білейік!

Жамбыл ауданы,Білім бөлімінің тарих пәнінің әдіскері

Апиева Гульман Ниетбаевна

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ