Ұзынағаш ауылында бой көтеретін жаңа ықшам аудан қандай болмақ?

0
134

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Ұзынағаш ауылының жанынан ашылатын «Нұрай» ықшам ауданына салынатын көпқабатты үйлердің жоспары таныстырылды, деп хабарлайды UZYN.KZ тілшісі.

Фото: UZYN.KZ

Ұзынағаш ауылы маңынан салынатын көпқабатты үйлердің жоспары және олардың қандай болатыны туралы Жамбыл ауданының архитектура және қала құрылысы бөлімінің басшысы Журунова Айнұр Мұхамедқалиқызы кеңінен баяндап берді.

«2018 жылы Ұзынағаш ауылының бас жоспарына түзету енгізіліп,  Нұрай ықшам ауданына көлемі 40 гектар жерге 8 бес қабатты тұрғын үйдің құрылысын және инфрақұрылымын жобалап отырмыз.

Бұл жерде парк, жастар саябағы болады. Электр желілері жүргізілді. Ендігі кезекте су жүргізіліп, тұрғын үйлер салынады. Одан кейін жолы салынатын болады» , — деді Айнұр Мұхамедқалиқызы.

Айта кету керек, Ұзынағаш ауылында 60 пәтерлі 5 қабатты 8 тұрғын үйдің құрылысына жобалық сметалық құжат даярлауға 59 млн. теңге бөлініп отыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ