35 градус аяз: Синоптиктер желтоқсан айына арналған ауа райы болжамын ұсынды

0
3

«Қазгидромет» РМК өкілдері қыстың алғашқы айы желтоқсанға арналған консультативтік болжамын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: tengrinews.kz

Мамандардың болжамынша желтоқсан айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын, солтүстік және шығыс өңірлерде – нормадан 1°С төмен, оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде 1°С жылы болады деп күтілуде.

Жауын-шашын мөлшері ел аумағының басым бөлігінде норма шамасында және нормадан көп, ал республиканың оңтүстік-батыс бөлігінде нормадан аз болмақ.

Оңтүстік циклонның шығуымен бірінші онкүндіктің ортасында жауын-шашын, оңтүстікте кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) тұман, көктайғақ, желдің 15-25 м/с дейін күшеюі, солтүстік өңірлерде боран, сондай-ақ ауа температурасының көтерілуі ықтимал.

Онкүндіктің соңында республиканың басым бөлігінде қалыпты аязды ауа райы күтіледі. Осыған байланысты ауа температурасында өзгерістер болуы мүмкін:

Батыста, солтүстік-батыста түнде -3…-13 аяздан -8…-15 аяз дейін;

Оңтүстік-батыста -3 аяз. Ал күндіз ауа температурасы -2 аяздан 3 градусқа дейін жылы болуы мүмкін. Ал кей жерлерде 8 градус жылыдан- 2…-10 дейін аяз болуы ықтимал;

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 3…8 жылы, кей жерлерде -5 аяздан-13 градусқа дейін аяз. Күндіз 5…15 градус жылыдан 0…5 градусқа дейін жылы болуы мүмкін;

Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде -5…-15 аяздан 0…-8 аязға дейін, күндіз -3 аяз…5 жылыдан -2…-12 аязға дейін;

Кезекті күннің суытуы екінші және үшінші онкүндікте күтіледі.

Оңтүстік-батыс жартысында түнде -10…-20 аяз, күндіз -5…-10 аяз,

Солтүстік-шығыс жартысында түнде -20…-35 аяз, күндіз -10…-20 аяз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ