4 қараша күнгі ауа райы болжамы

0
6

Оңтүстік Каспий циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалымен 4 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Республиканың оңтүстігінде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Жекелеген өңірлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және солтүстік-шығыста жаяу бұрқасын болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: 24tv.ua

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел 15-23 м/с күшейеді.

Қостанай, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында тұман күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 25 м/с екпіндегі жел болжанады.

Жамбыл, Ақтөбе, күндіз және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерін тұман басып, жел 15-22 м/с артады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ