4 мамыр күнгі ауа райы болжамы

0
4

4 мамыр күні Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек батыс, шығыс және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай жаңбырлар сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, екпінді жел, найзағай, дауыл, бұршақ, шаңды дауыл болжанады, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: sochinimka.ru

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сүйенсек, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 25 м/с артады.

Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі. Атырау облысында түнде желдің жылдамдығы 23 м/с-қа, күндіз 15-20 м/с күшейетіні күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауады, түнде жел 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, күндіз Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артады.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болжанады.





ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ