4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

0
2

«Қазгидромет» РМК 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: kaz.tengrinews.kz

Сәрсенбіде Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа ағындарының өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр және қар жауады.

Тек республиканың оңтүстік-шығысы антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, желдің күші 15-20, Жарма ауданында күндіз – көктайғақ, желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Актөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Ақмола облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз көктайғақ болуы ықтимал

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жаяу бұрқасын болады.

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.



ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ