45 жастағы әйел жасөспірімнің басын жарып, тұншықтырып тастады

0
2

Алматыда 45-жастағы әйел  жасөспірім қыздың басын жарып, тұншықтырған, деп хабарлайды Қазақпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Бұл туралы 13 жастағы қыздың анасы Facebook-те жариялады. Анасының айтуынша, оқиға балалар алаңында болған.13  жастағы жасөспірім құрбыларымен әткеншек теуіп отырған.  Балалардың шуы 45 жастағы әйелдің ашуын тудырған болу керек.

«Бүгін  бұл әйел менің қызымды ұрып, ауруханаға түсірді. 45 жастағы әйел. Ашуы өте  қатты. Баламның жараларын дәрігерлер тікті.  Ауруханада жатырмыз», — деді ол.

Анасының айтуынша, қызға тек балалар араша түскен.

«Бұл оқиға кезінде ересек адамдар да қасында болған. Ашуға булыққан әйел қызымды тұншықтырғанда құрбылары ажыратуға тырысқан. «Бауыздап өлтіремін» деп айғайлаған. Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан», — деді анасы.

Баласының бұл күйін көрген ол бірден полицияға арызданды. Ауруханада жасөспірімге  миы шайқалған,  самай тұсының жұмсақ тіндері жыртылған,  мойын жұмсақ түндерінің ауырсынуы деген диагноз қойылды.

Бала шамамен 1 апта ауруханада жатады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ