«5 мың доллар»: Головкин мен «Канело» жекпе-жегінің билеттері сатылымға шықты

0
4

Қыркүйек айында өтетін Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің билетттері сатылымға шықты деп хабарлайды sports.kz.

Фото: ztb.kz

Билеттер бағамы 300, 500, 700, 800, 1500, 2000, 2500 және 5000 доллар көлемін құрайды.

Анықталғандай, 300 және 500 долларға бір сатып алушы екі билеттен артық сатып ала алмайды. Ал басқа бағаларға бір адам тек қана сегіз билет алу құқығына ие.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы мексикалық Сауль Альвареспен осы жылдың 15-ші қыркүйегінде жұдырықтасатын болады. Жекпе-жек Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтпек.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ