7-20-25: Жатақxанада тұратындарға ипотека беріле ме

0
3

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының шектеулері туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі сурет

«Әрине, талап бойынша адамның атында баспана болмауы шарт. Дегенмен, жатақxанада тұратындар өтініш бере алады. Себебі жатақxанада бір отбасының мүшесіне 15 шаршы метрден де келмейді. Ондайда өтініш берген адам баспананың иесі ретінде қарастырылмайды. Жатақxана бөлмесі пәтер емес қой. Сосын ескі және апаттық жағдайда тұрған үйлердің тұрғындары жаңа бағдарламаға қатыса алады», — деді О.Смоляков журналистрге берген сұxбатында.

Оның айтуынша, өтініш берген азаматтардың төлем қабілеттілігіне баса назар аударылады. Бұл — басты талап. Басқа банктерде ипотекасы бар адамдарға тағы бір несие берілмейді.

Айта кетейік, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы аясында әзірше жаңа баспанаға несие беріледі. Алдағы уақытта аталған жүйе арқылы қайталама нарықтағы пәтерлерді сатып алу тетіктері әзірленетін болады. Бірақ оның шарттары өзгеше болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ