7 жасар бала тауда жоғалған түні көз жұмған

0
11

2 апта бұрын тауда адасып кеткен Ернұр Сәдуақас сол күні түнде көз жұмған. Бұл туралы Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев мәлімдеді деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: ҚазАқпарат

«Медициналық сараптаманың ресми қорытындысына сәйкес Ернұр Сәдуақас жоғалған күні түнде қайтыс болған. Таулы аймақ  болғандықтан жаңбыр жауып, күн  салқындаған. Балаға 14-нен 15-ші шілдеге қараған түні суық тиіп, көз жұмған. Құтқарушылар мәйіт жатқан аумақты бір емес бірнеше рет тінтіген. Алайда адам бойымен бірдей итмұрынның қалың бұталары арасына кіру мүмкін болмаған»,-деді Сергей Незнаев.

Еске сала кетсек, 14 шілде күні жоғалған Ернұр Сәдуақастың денесі  Жамбыл ауданы Ынтымақ ауылынан 8 шақырым қашықтықтағы тау баурайынан табылған еді.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ