Ақмола облысында таудың басынан селфи жасамақ болған жігіт өлім аузында жатыр

0
1

Бурабайда 24 жастағы жігіт таудың ұшар басына шығып, селфи жасамақ болғанда төменге құлдилап құлап кетті деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: PressFoto

Нұрсұлтан есімді жігіт халық аузында Синюха аталып кеткен Бурабайдағы таудың басына достарымен бірге шығыпты.

Ол таудың ең биік жерінде суретке түспек болған. Нәтижесінде селфи жасамақ болған сәтінде аяғы тайып кеткен.

Абылайхан алаңындағы биік шыңға олар ешқандай қауіпсіздік жабдығынсыз шыққан. Жедел жәрдем мен құтқарушылардың көмегімен 24 жастағы жігітті тау етегінен тапты.

Нұрсұлтан ес-түзсіз Бурабай аудандық ауруханасындағы жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның бас сүйегі жарылып, миы шайқалған.

Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін айтуда.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ