Ақмолада әйел мен ер адам тірідей жанып кетті

0
0

Ақмолада ересек екі адам үйімен бірге жанып кетті деп жазады ҚазАқпарат.

Фото: ашық дереккөзден

«Оқиға өткен түні Бурабай ауданының Ұрымқай ауылында орын алған. Бұл туралы аудандық ТЖБ кезекшілік бөліміне түнгі сағат 01:23 жедел ақпарат түсті. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында 1961 жылғы əйел мен 1970 жылғы ер адамның денесі табылды. Қазір кезде осы оқиғаға байланысты барлық материалдар ПД жолданды», — деп түсіндірді Ақмола облысының ТЖД қызметкері Думан Дəлешов.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт төсекте темекі шеккеннен шыққан жəне көз жұмғандар — әпкесі мен інісі болып шықты

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ