Ақмолалық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды (фото)

0
6

Ақмола облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасаған UZUN.KZ.

Фото: Облыстық ішкі саясат басқармасы

Бұл жолы байқауға аудандық және қалалық кезеңдерден өткен 26 отбасы қатысқан. Оның ішінде облыстық деңгейге 6 отбасы іріктеліп, жүлделі орындарды иеленген. Атап айтқанда, 1-ші орынды Бурабай ауданынан Қалмағанбетовтер отбасы және Зеренді ауданынан Насибулиндер отбасы өзара бөліссе, 2-ші орынға Сандықтау ауданынан Ереминдер отбасы лайық деп танылды. Ал Бұланды ауданынан келген Маликовтер жанұясы 3-ші орынды еншіледі.

Сондай-ақ, байқауға қатысқандары үшін Жақсы ауданынан Ешімовтер отбасы мен Степногорск қаласынан келген Әбіловтер отбасы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

«Тату отбасының айрықша үлгісі болып отырған сіздерге зор денсаулық, береке-бірлік, жақсылық тілеймін», — деді құттықтау сөз сөйлеген Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева.

Айта кетейік, биылғы жылдың маусым айында ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы бірінші орын алған Қалмағанбетовтер мен Насибулиндер отбасыларының ішінен Гран-при иегерін таңдайтын болады. Гран-при иегері атанған отбасы ағымдағы жылдың қыркүйек айында Астана қаласында өтетін республикалық деңгейдегі «Мерейлі отбасы» байқауына қатысады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ