Ақтөбеде салмағы алты келі болатын ерекше қыз бала дүниеге келді

0
7

Ақтөбе қаласының перинаталдық орталығында ерекше ірі қыз бала дүниеге келді. Сәбидің салмағы 6 келі, 350 грамм деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

«15 шілдеде дүниеге қыз келді. Сәбидің салмағы 6 келі 350 грамм, бойы 63 сантиметр. Табиғи жолмен босандырып алдық. Қазіргі уақытта анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы. Ол отбасындағы алтыншы бала», — деді Ақтөбе перинаталдық орталығының қызметкерлері.

Ақтөбеде мұндай ірі баланың тууы алғаш рет болып отыр.

Ол — Ринат Тастанбеков пен Бибігүл Байболатованың отбасында бес ұлдан кейін туған алғашқы қыз бала.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ