Ақтөбеде ойын автоматтарына құмар қарттардың саны артқан

0
1

Ақтөбеде ойын автоматтарына құмар қарттар қатары артқан. Жергілікті кәсіпкердің дәмханасына орнатқан заңсыз ойын автоматының жанын айналшықтаған зейнеткерлерді көрген полицейлер таңданысын жасыра алмаған деп хабарлайды КТК арнасы.

Аталмыш дәмханада бәс тігуге зейнеткерлер құмар болып шыққан.

Тексеруге шыққан тәртіп сақшылары ойын автоматтарына үйір ата-әжелерге ешқандай шара қолдана алмайды.

Ал заңсыз құмар ойын бизнесін дөңгелеткен кәсіпкер енді қомақты айыппұл төлейді.

Қазір оның ісімен мемлекеттік кіріс департаменті айналысуда.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ