Ақтөбелік қос палуан аударыспақтан Азия чемпионы атанды

0
2

Астана қаласында өткізілген ашық чемпионатта бес салмақ бойынша барлық жеңімпаздар қазақстандық спортшылар болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Фото: aktobenews.kz

Дүбірлі додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Ресей, Ауғанстан, Қытай, Түркия елдерінен жалпы саны 54 спортшы қатысты.

Облыс үміт артқан спортшылар Ержанов Шыңғысхан 70 келі салмақта, Серғазин Азамат 60 келі салмақта Ақтөбе облысының аударыспақтан тұңғыш Азия чемпиондары атанды.

Сонымен бірге, аударыспақтан жарыстың «түйе балуаны» анықталды. Абсолюттік салмақ бойынша он спортшы сайысқа түсіп, чемпиондық белдік пен 2 миллион жүлде қоры ақтөбелік Арман Сағынбаевтың қанжығасына байланды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ