«Айка» фильмінің режиссері «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды

0
3

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Канн кинофестивалінен кейін көпшілікке танылған «Айка» фильмінің режиссері Сергей Дворцевоймен кездесті деп хабарлайды BAQ.KZ.

Фото : life.ru

Еліміздің кинематография саласын дамытуға үлесін қосып жүрген және оның әлемдік деңгейде танымал болуына қосқан үлесі үшін кинорежиссер Сергей Дворцевойға өңір басшысы жерлестерінің атынан шынайы алғысын жеткізіп, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында аймақ басшысы режиссерді  Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени байланыстарды нығайту жолындағы еңбегіне сәттілік тіледі.

«Сіз түсірген «Айка» фильмі  71-ші  Канн кинофестивальінде əлемдік деңгейдегі ең үздік 20 картинаның құрамында қазылар алқасының, кино сыншылар мен еуропаның талғампаз көрерменінің жоғары бағасына ие болды. Сіздің кəсіби шеберлігіңіздің жəне режиссерлік деңгейіңіздің жоғары  болуының арқасында қазақстандық  Самал Еслямова үздік əйел рөлі үшін жоғары марапатқа ие болды. Мұндай жағдай, посткеңестік елдер арасынан шыққан əртістің осындай марапатқа ие болуы Канн фестивалі тарихында бұрын-соңды болмағанын ескерсек бұл үлкен оқиға!»,-деді Жансейіт Қансейітұлы.

Өз кезегінде Сергей Дворцевой да облыс әкімдігі тарапынан көрсетіліп жатқан құрмет пен қошемет үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта Қазақстанның кинематография саласының дамуы жолында аянбай еңбек ететінін сеніммен жеткізді. Сонымен қатар Оңтүстік өңірінде киноиндустрияны дамытуға ерекше көңіл бөлініп, жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанынан хабары бар екенін айтып өтті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ