Алакөл ауданында «Сервистік әкімдік» ғимараты ашылды

0
6

Алматы облысы азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын және халыққа мемлекеттік қызметтерді бір ғимаратта, ауданның әр түкпірінде орналасқан бөлімдерді іздемей алуға мүмкіндік беретін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Сервистік әкімдіктерді ашуда. Бүгін Алакөл ауданында «Сервистік әкімдік» жобасы ғимаратының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Алакөл ауданы әкімдігінде «Сервистік әкімдік» ғимараты ашылды.

«Сервистік әкімдік» жобасының қағидалары мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру мен азаматтарға ыңғайлы жағдайлар жасауға негізделеді. «Сервистік әкімдік» азаматтармен тығыз байланыста жұмыс жасауға және тұрғындарға елді-мекеннің түкпір-түкпірінде орналасқан бөлімдерді іздемей-ақ мемлекеттік қызметтерді бір ғимараттан алуға мүмкіндік береді.
Оған қоса, аталған ғимаратта барлық жағдайлар жасалған: күту залында ыңғайлы орындықтар, кондицинер, суға арналған диспенсер мен ақпараттық теледидар орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған бұрыш ұйымдастырылған. Мүгедектер үшін шақыру қоңырауы, пандус, киім шешетін бөлме, брайль шрифтінде жазылған тақталар бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екендігін атап өтті.

Алакөл ауданының жаңа сервистік әкімдігі ашықтық пен қолжетімдік өлшемдеріне сәйкес келеді және жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға ықпал етеді.
Сервистік әкімдіктің ашылуы бүгін Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевтың қатысуымен өтті.
Бүгінгі таңда Алматы облысында 9 сервистік әкімдік жұмыс істеуде (Ақсу, Балқаш, Қарасай, Қаратал, Көксу, Райымбек, Іле, Алакөл аудандарында, Талдықорған қаласында).

Жыл соңына дейін облыстың барлық қалалары мен аудандарында осындай сервистік әкімдіктер ашу жоспарлануда.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ