Алдағы үш тәулікте күн суытады

0
0

«Қазгидромет»  алдағы үш күннің ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: aveneerdmc.com

«Қазгидромет»  таратқан мәліметтерге қарағанда, 2020 жылғы 15-17 қыркүйек аралығында еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді.

«Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына Кар теңізі аудандарынан келетін циклон ықпал етеді. Циклонның салдарынан солтүстік өңірде және оның орталығында күшті жел тұрады және жаңбыр жауады, бұршақ түсуі де ықтимал. Солтүстік және орталық аудандарда ауа температурасы төмендеп, күндіз 10-23 градусқа дейін жылиды. Оңтүстік өңірлерде кей жерлерде найзағай ойнайды»-делінген хабарламада.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ