Алик Шпекбаев адал мемқызметшілердің санын жариялады

0
3

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев адал жұмыс істейтін мемқызметшілердің санын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Sputnik Казахстан

«Меніңше, мемлекеттік қызметшілердің 99 проценті адал жұмыс істейді. Олар өз қызметіне жауапты, жұмысына адал. Ал кейбір мемлекеттік қызметшілер заңсыз пайда тауып, қылмысқа барып жатады. Әрине, біз ондай адамдарды заң бойынша жауапқа тартамыз. Бірақ солардың кесірінен барлық мемлекеттік қызметшілердің беделіне нұқсан келеді, бәріне көлеңке түседі», — деді А.Шпекбаев ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары бойынша комиссияның кеңейтілген отырысында.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова мемлекеттік қызметке жаңадан келетін мамандарды жемқорлықтан қорғау қажеттігін жеткізді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ