Алик Шпекбаев: Ірі көлемде пара беру қылмыстары көбейіп келеді

0
5

Соңғы үш жылда ірі көлемде пара беру қылмыстары көбейді. Ал аталған қылмыс бойынша сотталғандардың саны екі есеге өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Көрнекі сурет

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың айтуынша, осыдан үш жыл бұрын ірі көлемде пара берген 69 адам ұсталса, өткен жылы аталған көрсеткіш 165 адамға жетті.

«Мәселен, ауыр және аса ауыр қылмыс үшін 79 адам ұзақ уақытқа бас бостандығынан айырылды. 15 қылмыскер 8 жылдан астам уақытқа қамалса, 3 адам 10 жылға дейінгі мерзімге түрмеге тоғытылды. Ал 5 адам 10-15 жылға бас бостандығынан айырылды. Тіпті, 20 жылға сотталғандар да бар. Осы орайда барлық азаматтарды пара бермеуге шақырамыз. Себебі пара берген адам болмаса, пара алатын адам да болмайды. Сосын пара беру қылмысы пара алғанмен бірдей екенін еске салғым келіп отыр. Ондай әрекет үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», — деді А.Шпекбаев ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары бойынша комиссияның кеңейтілген отырысында.

Айта кетейік, отырыс барысында агенттік басшысы Алик Шпекбаев адал жұмыс істейтін мемқызметшілердің санын жариялады.

Ал ҚР Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова мемлекеттік қызметке жаңадан келетін мамандарды жемқорлықтан қорғау қажеттігін жеткізді.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ