Алматыға әлемнің 20 елінен триатлоншылар келеді

0
1

4- 5 тамыз аралығында Алматыда алғашқы рет триатлоннан Азия кубогы өтеді. Сарықұрлық бәсекесіне 20 елден келген спортшылар қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

«Біздің қала осындай шаралар ұйымдастырудан тәжірибесі мол. Алдағы триатлоннан Азия кубогы барлығына жақсы әсер қалдырып, қонақтарға жақсы көңіл күй сыйлайды деп ойлаймыз. Екі күн бойы спорт сүйер қауым үздік триатлоншылардың жарысын тамашалай алады», — деді өз сөзінде Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорттағы жоғары жетістіктер бөлімінің басшысы Әлия Смақова.

Оның айтуынша жарысқа орай қала әкімдігі арнайы «Сайран» көлінің жағалауына тазалық жұмыстарын жүргізді.

«Азия кубогы алдында қала әкімдігі «Сайран» көлінің жағалауына тазалық жұмыстарын жүргізіп, 5 шақырым қашықтықты құрайтын веложолақтар салынды. Осының барлығықала тұрғындары мен қонақтардың спортпен айналысуға мүмкіндік беріп, салауттыөмір салтын ұстануға жағдай жасалуда, — деді Әлия Смақова.

Айта кетер жайт, Азия кубогы Алматыда екі күн бойы Сайран көлінде таңғы сағат 8-ден басталады.

Бірінші күні кәсіпқой триатлоншылар ө жарыс жолына шықса, екінші күні 150-ден астам әуесқой спортшылар өзара мықтыны анықтайды.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ