Алматы – Қапшағай тасжолында ер адамды көлік қағып, көз жұмды

0
3

Ер адамды қағып кеткен көлік жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі caravan.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Baq.kz

Қайғылы жағдай Алматы – Қапшағай тасжолының 35-шақырымында болды.

Куәгерлердің айтуларынша, шетелдік көлік Қапшағай бағытына қарай бара жатқан. Осы кезде жолды кесіп өтуге тыйым салынған жерден ер адам жүгіріп өтпек болады. Ол жер жарықтандырылмағандықтан, жүргізуші жүгіріп өткен ер адамды көрмей қалған.

Көлік қағып кеткен адам 40-45 метрге дейін ұшып кетіп, жедел жәрдем қызметі келгенше алған жарақаты салдарынан көз жұмды.

Куәгерлер болжамды түрде Toyota Camry болуы мүмкін көлік оқиға орнынан ізін суытқанын айтты. Қайтыс болған адамның өзімен бірге құжаттары болмағандықтан, кім екені анықталған жоқ.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ