Алматы әкімдігі: Ботаникалық бақ қала меншігіне беріледі

0
3

Алматыда орналасқан Ботаникалық бақ жыл соңына дейін қала меншігіне беріледі. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Алматыдағы бөлімшесінің отырысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Бүгінде бұл нысан ҚР Білім және ғылым министрлігінің балансында тұр.

Қалалық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, бүгінде 500 га аймақта орналасқан 140 нысан паспортталып, инвентаризациядан өткен. Биыл 32 мыңнан аса ағаш отырғызу жоспарда бар.

«2018 жылдың соңына дейін Ботаникалық бақты қала меншігіне беру туралы мәселе толық шешімін табатын болады. Бұл нысан аса ірі коллекциялық өсімдіктер қоры болып табылады. Мұнда 2 235 таксон, 255 мың жоғары өсімдік, 100 мыңға жуық саңырауқұлақ пен қына түрлері бар», — деді басқарма басшысы Әсет Масабаев.

Жақында ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің балансында тұрған Баум бағы да қала меншігіне берілген болатын.

Қазір әкімдік аталған нысанды абаттандыруды қолға алған. Мұнда 20-ға жуық орындық, навигациялық құралдар  орнатылған.

Бақтың оңтүстік жағынан 4 полиция посты бекітілді. 2 қоғамдық дәретхана қойылды.

Сонымен қатар, 3 жаяу жүргіншілер жолын, атап айтқанда Есентай жағалауы, Төлебаев көшесінің Абай мен Гоголь арасы, Байсейітова көшесінің Сәтпаев пен Қабанбай көшесінің арасындағы бөлігін жөндеуге 614,3 млн теңге жұмсалды. Жаңа жаяу жүргіншілер жолының бойына 843 жапырақты ағаш отырғызылған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ