Алматы әлемдегі ең арзан қалалар рейтингінде төртінші орында

0
3

Алматы өмір арзандығы бойынша әлемнің 113 қаласының ішінде төртінші орынды иеленді. Аталған рейтингті британиялық Economist Intelligence Unit (EIU) ұйымының сарапшылары жасаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Фото: ru.depositphotos.com

EIU бағалауы бойынша, Алматыда нанның бір келісі 0,95 доллар тұрады (361 теңге), сыраның бір шөлмегі шамамен 0,92 доллар (350 теңге), ерлер костюмі (пиджак және шалбар) – 270 доллар (103 мың теңге), әйелдердің шашын қию – 14,56 доллар (5500 теңге).
Әлемдегі ең қымбат қала Сингапурмен салыстыратын болсақ, онда нанның бір келісі 3,4 доллар екен, сыра – 2,37 доллар, костюм 2000 доллар, ал шаш қию -119 доллар шамасында. 

Ең арзан деп танылған Каракас қаласындағы бағалар Алматыға қарағанда біраз өзгешелеу. Мәселен, ол жақта ерлер костюмі бізге қарағанда екі есе қымбат – 469 доллар тұрады, ал шаш қию бар болғаны 1,77 доллар ғана.


Алматы әлемдегі ең қымбат қалалар рейтингінде 133-орыннан көрінген.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ