Алматы әуежайында ұшақ апатты жағдайда қонды

0
3

Алматы әуежайында «SCAT» әуе компаниясының ұшағы қонып келе жатқанда артқы бөлігі жерге тиіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

«26 шілдеде Алматы әуежайында екінші шеңбер жасау кезінде Хургада — Алматы бағытындағы  5038 рейсі ұшағының артқы бөлігі ұшу-қону жолағына тиіп кетті. Оған қарамастан ұшақ сәтті қонды», — деді әуе компаниясынан.

Төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеген.

Қазір тексеру жүргізіліп жатыр.

Әуе тасымалдаушысы штаттық режимде жұмыс жасап тұр.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ