Алматы облысы еріктілері мұқтаж жандарға көмек көрсетуде

0
3

Еліміздегі қалыптасқан төтенше жағдайларға орай Адматы облысынығ жастары көптеген игі істер атқаруда деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: camonitor.kz

Бүгінгі таңда Алматы облысында 1500-ге жуық волонтер және волонтерлік ұйым бар.

Елдегі төтенше жағдайға байланысты Алматы және еріктілері белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда облыс бойынша (17 аудан, 3 қала)565 қайырымдылық акциялары өткізілді.

Оның ішінде аудан, қала көлемінде дезинфекциялық жұмыстарға атсалысу, азық-түлік тасымалдау, медициналық антисептик, жеке гигиеналық заттар және маскамен қамтамасыз етумен айналысуда.
Әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға жалпы 491 отбасына әлеуметтік көмек көрсетіліп, азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Облыс еріктілерінің атсалысуымен бүгінгі күнде 9200 бетперде тігіліп,тұрғындарға таратылды

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ