Алматы облысындағы аквапаркте 5 жасар бала суға кетті

0
9

Алматы облысындағы аквапарктердің бірінде 5 жасар бала суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: ҚазАқпарат

«Сағат 11:45-те Іле ауданының Байсерке ауылындағы «Дос» демалыс аймағында су бассейнінен 2013 жылы туған бала ес-түзсіз күйде табылды. Бала ата-анасының қарауынсыз қалып, суға батып кеткен», — деп мәлімдеді ТЖК баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, бала ес жимай, жарты сағаттан кейін ауруханада қайтыс болған.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ