Алматы облысындағы Көлсай мен Қайыңды көлдері демалыс күндеріне жабылмайтын болды

0
2

Көлсай мен Қайыңды көлдері демалыс күндеріне жабылмайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: kk.wikipedia.org

«29-31 тамыз аралығында Алматы облысы Кеген ауданының «Көлсай көлдері МҰТП» РММ аумағында қатаң шектеу шаралары енгізілетін болады. Демалыс аймағына келген қонақтардың көп шоғырланбауы мақсатында аудан әкімдігінің жанындағы мониторинг тобы және еріктілер бірлесіп, келушілерде бетперделерінің болуын, сондай-ақ әлеуметтік қашықтың сақталуын қадағалайтын болады. Сонымен қатар, туристе бетперде болмаған жағдайда, еріктілер оларды тегін таратуды жоспарлап отыр», — делінген Кеген аудандық Тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының ресми хабарламасында.

 



ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ