Алматы облысында телефон ұрлаған қылмыскер ұсталды

0
2

Алматы облысында ұрының жасаған қылмысы бейнебақылау камерасына түсіп, ұсталып қалды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: inform.kz

Бейнежазбада көліктің ашық тұрған жүк салғышының жанында иесі және тағы бірнеше адам тұрады. Сол сәтте алдыңғы жақтағы жүргізуші отыратын орынның терезесі ашық болады. Белгісіз азамат адамдардың көліктің артқы жағында тұрғанын пайдаланып, ашық тұрған терезе арқылы көліктен ұялы телефонды қолды қылады.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарасай ауданының полициясына Көксу ауылының 34 жастағы тұрғыны арызданған. Ол құны 50 мың теңге тұратын ұялы телефоны сауда орталықтардың бірінің автотұрағында болған автокөлігінен ұрланғанын жеткізген.

Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, аталған ұрлық дерегін Іргелі ауылдық округінің аға учаскелік инспекторы полиция майоры Е.Ташкенев ашты.

Ол бейнежазбаны қарау барысында бейнеден бұрын ұрлық және тонау үшін бірнеше рет сотты болған Көксай кентінде уақытша тұратын 36 жастағы Өзбекстан азаматын таныған. Бір тәулік ішінде тәртіп сақшысы күдіктіні ұстап, одан ұрланған телефонды тәркіледі. Күдіктінің бұрынғы соттылығы ескеріле отырып, бірден қамауға алынды. Қазіргі уақытта айғақ зат заңды иесіне қайтарылды.

Жәбірленуші учаскелік инспекторға жедел қызметі үшін алғысын білдірді.



ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ