Алматы облысында үйінен қашып кеткен оқушы екі аптадан соң табылды

0
7

Алматы облысында 14 жастағы қыз үйінен қашып кетіп, екі аптадан астам уақыттан кейін табылды. Жасөспірім осы уақыт аралығында Алматыдағы құрбысының үйінде алаңсыз жасырынып жатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: asn-news.ru

 Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Іле ауданының ІІБ-не қыздың жоғалғандығы жөнінде ақпарат 7 мамырда түскен.

«Қыз бала бұған дейін де бірнеше рет үйінен қашып кеткен. Ювеналды полицияның инспекторлары мен қыздың анасы бұл жолы жасөспірімді Алматы қаласынан тапты. Ол осы шаһардағы құрбысының үйінде болған. Бұл жолы іздеу жұмыстары ауқымды түрде жүргізілді. Қыз баланың таныстарының үйлеріне барып, ол болуы мүмкін деген жерлердің барлығы қаралды», деп мәлім етті ведомство өкілдері.

Сондай-ақ полицейлер үйінен қашуды әдетке айналдырған жасөспіріммен және оның анасымен профилактикалық шара жүргізіп, қатаң ескерту жасады, деп толықтырды облыстық ІІД  баспасөз қызметі.

Айта кету керек, 14 жастағы оқушы қыз Іле ауданындағы  Байсерке ауылының тұрғыны.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ