Алматы облысында үш ауысымды мектептерді болдырмау мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде

0
4

Алматы облысы үшауысымды мектептерді болдырмау мәселесін шешуге ерекше маңыз беріп отыр, деп хабарлайды UZYN. KZ Алматы облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, 2017 жылдың басында өңірде 49 үш ауысымды мектеп болса, «Нұрлы Жол» бағдарламасының нәтижесінде 33 мектеп салынған. Бұл туралы бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Амандық Баталовтың айтуынша, туу көрсеткішінің өсуі, яғни бір жылда туған балалар санының 50 мыңға жетуі және ішкі көші-қон есебінен оқушылар саны жыл сайын 20 мыңға өсіп отыр (2016ж. – 22 мың, 2017ж. – 19,6 мың, 2018ж. – 17,3 мың). Сондықтан өткен жылы үш ауысымды мектептер қатары тағы 13 мектеппен, ал биылғы жылы – 11 мектеппен толығып, қазір 34-ті құрап отыр. Оның 8-і салынып жатыр, оларды 2019 жылы іске қосу жоспарланған, қалғандары

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған қосымша бөлінген 50 млрд. теңгеге кезең-кезеңімен салынатын болады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ