Алматы облысында өрт салдарынан екі әйел көз жұмды

0
0

Алдын ала болжам бойынша, олар түтіннен иіс тиіп қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Алматы облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Baq.kz

1955, 1966 жылы туған екі әйел Алматы облысында болған өрт салдарынан көз жұмды.

Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылында өрт шыққаны туралы хабар 31 шілде күні сағат 06:28-де келіп түсті.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 22 минуттан кейін жетті. Олар оқиға орнына барған кезде үй толық өрт құрсауында қалған. Өрт сөндіру барысында 1955, 1966 жылы туған екі әйелдің мәйіті табылды. Олар ұйықтап жатқан кезде иіс тиіп қайтыс болған», — делінген хабарламада.

Өрт 7:40-та ауыздықталып, 8:16-да өшірілді. Өрттің аумағы – 56 шаршы метр.

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ