Алматы облысында «Ауыл – ел бесігі» аясында 7 млрд теңгенің жобасы іске асырылады

0
5

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Алматы облысында 4 дене шынықтыру кешені, 2 аудандық аурухана салынады, 6 білім беру нысаны, су, жылу мен жабдықтау, кәріз құбыры, абаттандыру және кемшілік жолдар бойынша 31 нысан жөнделеді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Батталов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ .

Фото: ашық дереккөзден

Оның айтуынша, Алматы облысында 732 ауылдық елді мекен бар, онда облыс халқының 80%-ы тұрады. 

«Елбасы бастамашылық еткен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде облыста 7 млрд теңгеге 7 аудан орталығын қамти отырып, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жөндеу бойынша 43 жобаны іске асыру жоспарланды. Оның ішінде жергілікті бюджетпен қоса қаржыландырудың саны 1,5 млрд теңге. Бұл іс жүзінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның барлық бағыттарын жөндеу мен құрылыстарды қамтуға мүмкіндік береді. 4 дене шынықтыру кешені салынып, 2 аудандық аурухана салынады, 6 білім беру нысаны, су, жылу мен жабдықтау, кәріз құбыры, абаттандыру және кемшілік жолдар бойынша 31 нысан жөнделеді», — деді ол.   

Сондай-ақ, ол аталған ауылдарда бағдарламадан тыс 13,3 млрд теңгеге басым бағыттар бойынша 63 жоба іске асырылатынын жеткізді. 

«Оның ішінде республика бюджетінен 6,6 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 7,2 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар, инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, Сингапурлық «ALACEM» компаниясы Сарыөзек ауылында 47 млрд теңгеге қуаттылығы жылына 1,2 миллион тонна цемент зауытының құрылысын жүргізуде. Онда 360 жаңа жұмыс орны ашылады. Шонжы ауылында жыл соңына дейін жылына 30 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы қалпына келтіріледі. Ауыл тұрғындарының мыңға жуығы жұмыс орнына қайтып келеді», — дейді облыс әкімі. 

Амандық Батталовтың пайымдауынша, бұл бағдарлама тұрғындардың әл-аухатын жақсартуға, аудан орталығын тұрақты дамыту және өсу нүктелеріне айналдыруға мүмкіндік береді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ