ІІД: Алматы облысында бір ай бұрын жоғалған баланы іздеу жалғасады

0
5

Алматы облысының Үштөбе қаласында жоғалған Иса Бекбаевты іздеу жұмыстары тоқтамайды. Бұл жөнінде облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Естеріңізге сала кетейік, 29 маусым күні жоғалған 13 жастағы баланы облыс құтқарушылары 16 күн бойы іздеп, жұмыстары нәтиже бермеген болатын. Сол себепті баланы іздеу тоқтатылғаны жөнінде оның ата-анасына ресми хат арқылы хабарланған.

Бірақ баласы Қаратал өзеніне ағып кетті дегенге сенбеген ата-ана облыстық ІІД-не арнайы барып, басшылығынан іздеуді кешенді түрде жүргізуді сұрады. Тәртіп сақшылары іздеу жұмыстары қайта жанданады деп сендірді.

«Баланың денесі табылғанша іздеу жұмыстары жалғасатын болды. Полиция қызметкерлері құтқарушылармен бірігіп, жұмыс атқарады», — деді Алматы облыстық ІІД Баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнаев.

Айта кетейік, Иса Бекбаевтың жоғалғаны туралы ақпаратты ғаламтор желісінің пайдаланушылары жариялаған еді. Алдын ала жасалған болжам бойынша, бала Қаратал өзеніне батып кеткен.

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ