Алматы облысында бір аптада екі адам суға кеткен

0
0

Алматы облысында шомылу маусымы басталған бір апта ішінде 2 адам суға кетті еп хабарлайды 24 Хабар арнасына сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Фото: 24 Хабар

Мезгілсіз қаза тапқандардың бірі бой жетіп қалған қыз болса, екіншісі – жас бала. Бұл екі оқиға да судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болған.

Сондай-ақ тау өзендерінде де суға кету деректері тіркелді. Бір балықшы мен Ресейден келген саяхатшы оқыста көз жұмды.

Алматы облысының су айдындарында жыл басынан бері осындай 8 төтенше жағдай болды. Құтқарушылар тұрғындардан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

«Суға шомылуға барған кезде арнайы құтқарушылар бар, шомылуға жабдықталған жерге бару қажет. Балық аулау кезінде жеке құтқару құралдары, кеудешелері болуы керек», — деп ескерту жасады облыстық ТЖД шұғыл құтқару тобының жетекшісі Сайлаубек Шәрапиев.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ