Алматы облысында директорға сөгіс беріліп, екі колледж оқытушысы жұмыстан шеттетілді

0
7

Алматы облысының Жаркент қаласындағы Көпсалалы колледжде педагогтің екі студентті ұрғаны үшін аталған білім беру мекемесінің директоры сөгіс алып, оқушыға қол жұмсаған дене шынықтыру пәнінің оқытушысы жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Фото: ҚазАқпарат

Облыстағы «Прогресс» колледжінде де осыған ұқсас жағдай орын алған. Білім мекемесінде алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы 2002 жылғы студентті балағаттап жатқан сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желіге таралды. Қазір аталмыш колледждің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы жұмыстан босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қаңтар күні Жаркенттегі көпсалалы колледж оқытушысы студентке қол жұмсаған видеосы әлеуметтік желіге таралған болатын.

Қазір осы оқиғаға байланысты арнайы тексеру жүргізіліп жатыр. Ал студентті ұрып-соққан оқытушының үстінен ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетерлігі, директор мен педагогтарға қолданылған жазаларды облыс әкімінің баспасөз қызметі растады.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ