Алматы облысында эндуро бойынша ҚР Кубогы өтеді

0
0

Алматы облысының Текелі қаласының маңында эндуро экстрималды спортынан ҚР Кубогы сарапқа салынады. Жарысқа мотоцикл мен квадроцикл тізгіндеген 100-ге жуық спортшы қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Жарыс 23 маусымда Жоңғар Алатауының бөктерінде Текелі қаласының маңында ұйымдастырылады.

«Adventure Life» қоғамдық ұйымының төрағасы Александр Артющенко турнирдің айтуынша, экстрималды спорт түрі елімізде енді-енді дамып келеді. Эндуро — латын тілінен аударғанда шыдау, төзу деген мағынаны білдіреді. Сондықтан бұл спортпен епті де, білекті де мықты азаматтар шұғылданады.

Ал жарыс ауа райының кез келген жағдайында, кедергілерден өтіп, тауға көтеріліп, түрлі жасанды бөгеттермен жүруден тұрады. Жалпы, Эндуро бойынша Қазақстан Кубогы 4 кезеңге бөлінген.

Алғашқы 3 кезеңі Алматы және Қарағанды облыстарында өтті. Жарыс қорытындысымен жеңімпаздар 6 санат бойынша марапатталады.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ