Алматы облысында ер адам жоғалып кетті (фото)

0
12

Алматы облысының полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен Талғар ауданының 24 жастағы тұрғынын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Облыстың ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Талғар ауданының Еркін ауылында тұрған 1994 жылғы Қағазбек Нұрқанат есімді азамат 5-ші шілде күні өз автокөлігімен белгісіз бағытта жол жүріп кеткен.

«Ер адамның қайда жүргені әлі анықталған жоқ. Белгілері: бойы 160-165 см, орташа денелі, шашы — қысқа, қара түсті. Үстінде сұр түсті футболка, қара түсті джинсы шалбар болған. Ерекше белгілері: денесінде бауырына жасалған отадан кейін қалған тыртық бар», — деді ведомствода.

Полиция жоғалған азамат туралы қандай да ақпарат білетіндер болса, Талғар ауданының Ішкі істер басқармасына 8 (727) 295-61-05, 295-63-96 нөмірлері бойынша дереу хабарласуларын сұрайды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ