Алматы облысында «Ілияс оқулары» республикалық байқауы өтті

0
3

Алматы облысының  Ақсу ауданында жыр құлагері Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына орай дәстүрлі «Ілияс оқулары» өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Фото: ҚазАқпарат

Додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 24 дарынды бала қатысып, өз өнерлерін көрсетті.. Он екінші рет шымылдығын түрген ауқымды шара екі күнге жалғасты.

Байқау шартына сай қатысушылар дүлдүл ақынның өлеңдерінен мәнерлеп үзінді оқып, жыр құлагерінің жырларын  насихаттауда жаңашылдық танытты. Қызу дайындықпен келген әрбір қатысушы бас жүлде үшін сынға түсті. Осылайша, Ілияс атамыздың рухын биікке асқақтатып, ұрпақ санасын жаңғыртуда белсенді шара ұйымдастырылды.

Байқауда «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанып,  Бас жүлдені  киелі Ақсу елінің тумасы Әлібек Бегімбекұлы Сыдықов  жеңіп алды. Жеңімпазға  500 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Ал  1-орын Ақмола облысының Көкшетау қаласынан келген Балмашек Еділге, 2-орын қызылордалық  Нұрадин Аружан мен  маңғыстаулық Жүсіпов Жарысқа бұйырды, 3-орынды Шығыс Қазақстандық Жұмағазиева  Анел, ақсулық Қызайхан Әйгерім мен  талдықорғандық  Саят Сая иеленді.  

Айта кетейік  қаламгердің 125 жылдығы кең көлемде ақынның кіндік қаны тамған Ақсу ауданында күзде тойланады.




ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ