Алматы облысында көлік апатынан 8 адам қаза тапты

0
0

Алматы облысында 8 адам көлік апатынан мерт болды. Жантүршігерлік оқиғадан  тек 36 жастағы әйел ғана аман қалған. Зардап шеккен әйел Қарағанды облысындағы Приозерск  қаласының ауруханасына жеткізілген, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

көрнекі фото

.Жол-көлік апаты үш облыстың, демек, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облысының жолдары түйіскен жерде болған.

Нақтырақ айтқанда Алматы-Екатеринбург тас жолының 385 шақырымында, Жамбыл ауданына қарасты Үлкен ауылының маңында орын алған.

Қайтыс болғандардың ішінде Астана қаласының тұрғындары да бар. Опель және BMW маркалы көліктердің соқтығысуы салдарынан 8 адамның мерт болған оқиғанын облыстық ІІД баспасөз қызметі растады.

«20 тамыз күні жол-көлік оқиғасынан 8 адам мерт болғанын растаймыз. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, қажетті сот-медициналық сараптамалардың барлығы тағайындалды. Істі облыстық Анықтау басқармасының өзі жүргізеді», — деді аталған ведомствоның  өкілі Көбейхан Нұрахмет.

8 адамның өмірі қиылған көлік апатынан соқтығысқан машинаның  бірі өртеніп кеткен.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ