Алматы облысында полицейлер студент қыздарды өзін қорғауға үйретті

0
3

Алматы облыстық Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жаңа оқу басталуына орай Талдықорған қаласындағы колледждердің студенттерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

Іс-шараға қатысқан жасөспірім қыздарға құқықтық сауаттылықты арттыру, зорлық-зомбылық түрлері мен одан қорғану жолдары, күйзелісті жеңу тәсілдері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуде тақырыпты ашу мақсатында полицейлердің арнайы әзірлеген бейнероликтері көрсетілді. Бейнероликтерде әлеуметтік желілердегі танысу немесе бейтаныс жандарға көзсіз сену, түнде қыдыру қыздардың зорлық-зомбылық құрбаны болуына әкелуі мүмкін екені түсіндірілді.

Сонымен қатар, бейтаныс көліктерге отыру, бөтен адамдармен қонаққа бару, жақындарына ескертпестен үйден шығып кету, ішімдіктер мен есірткі өнімдеріне үйір болудың соңы жақсылыққа апармайтыны айтылды.

Сонымен қатар, Полиция департаментінің жауынгерлік күрес нұсқаушысы Бауыржан Ақанұлы жастарға өзін-өзі қорғаудың қарапайым айла-тәсілдерін үйретті. Түрлі ситуациялық жағдайларға талдау жасап, шабуылдаушы мен қорғанушының психологиялық ерекшеліктеріне тоқталды. Әдістерді іс-тәжірибеде көрсетіп, шеберлік сабағын өткізді.

«Қыздарға қорғану мақсатында өзімен бірге ысқырықт, кілттер жиынтығын, түрлі спрейлерді, яғни дезодоранттар, шашқа арналған лактарды алып жүрудің артық етпейді. Бастысы – жағдайды дұрыс бағамдап, қолда бар заттарды тиімді пайдалану. Зорлық-зомбылық орын алуы мүмкін орындардан мүмкіндігінше аулақ жүруі қажет. Дегенмен, ондай жағдай орын алса, жинақы болып, бірден қорғану шараларын қабылдауы тиіс»,- деп атап өтті полиция өкілдері.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ